Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция бөлімшелерінің басшылары қызметтік қарудан оқ атудан жарысты

Алматыда полиция бөлімшелерінің басшылары қызметтік қарудан оқ атудан жарысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика күніне орай қызметтік қарудан оқ атудан кезекті жарыс өтті.

– Осы мерекеге орай әскери қарудан практикалық оқ атудан жарыс ұйымдастырылды. Оған Алматылық полиция гарнизонының қызметтері мен бөлімшелерінің бірінші басшылары қатысты. Айтпақшы, бұл жыл сайынғы дәстүр. Қатысушылар алдында 3 және 10 сынақ атудан тұратын ПМ-2 жаттығуын белгіленген уақыт ішінде орындау міндеті тұрды. Бұл қызмет басшыларының тамаша дайындығы мен кәсіби біліктілігін көрсетеді,  дейді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Бұл жолы турнирлік кесте келесідей болды: ерлер арасында 1-орын Жедел басқару орталығының бастығы Нұржан Тоқтамысовқа, 2-орын ЖҚАЖ командирі Үсен Әбілбаевқа, Медеу аудандық ПБ-ның бастығы Ілияс Өмірсеріков үшінші орынға ие болды.

Ал әйелдер арасында бірінші орынды ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Салтанат Әзірбек иеленді. Екінші орын екінші арнайы бөлімнің бастығы Шырай Омароваға бұйырды. Үшінші орынға қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы Айжан Закирова ие болды. Жеңіске жеткендерді департамент басшылығы мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру