Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

Алматыда заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон қызметінің ақпараты бойынша, жедел-іздестіру шараларын қалалық Криминалдық полицияның әріптестерімен бірлесіп жүргізген кезде Өзбекстан Республикасының аумағында осы елдің азаматы – 1988 жылы туған С.есімді азамат ұсталды. Ол ҚР ҚК-нің 394-бабына сәйкес жасаған қылмысы үшін Алматы қалалық Жетісу аудандық Полиция басқармасында іздеуде болған.

– Қазіргі уақытта қылмыстық істі Өзбекстан Республикасының құзыретті органдарына беру туралы мәселе шешілуде. Сонымен қатар, “Нелегал-2021” республикалық жедел-алдын-алу іс-шарасының төрт күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 843 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР-да болу ережесін бұзғаны үшін – 529 шетелдік, ҚР-да шетелдіктердің жүру заңдылығын қамтамасыз ету жөнінде шараларды қамтамасыз етпегені үшін 281 қабылдаушы адамдар, 33 жұмыс берушіге ҚР-на шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынды, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Іс-шараның мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қатысты басқа да заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру