Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу ауданында 1,5 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды

Шу ауданында 1,5 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 1 маусымынан бастап кең ауқымды “Қарасора-2021” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталды.

Есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау аясында ауыл шаруашылығы техникасын тарта отырып, есірткі құралдарын жою жөніндегі көшпелі комиссия құрылды.

2021 жылдың 2 шілдесінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының бес гектар жер аумағында жабайы өскен сораны шабу арқылы 1 тонна 781 келі сора тұқымдас өсімдікті өртеу арқылы жойды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру