Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жас полиция қызметкерлерлеріне алғашқы офицерлік погондар берілді

Алматыда жас полиция қызметкерлерлеріне алғашқы офицерлік погондар берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30-дан астам жас қызметкер лейтенант погондарын алды. Салтанатты марапаттау рәсімі Алматы ПД-нің мұражайында өтті.

– Бұл саналы түрде тәртіп сақшылары қатарына қосылған және өз өмірін азаматтарды қорғау, қылмыспен күресу ісімен байланыстыруға дайын әрбір полиция қызметкері үшін тарихи маңызды оқиға. Бұл атақ Сіздерге қосымша жауапкершілік жүктейді. Сіздердің мақсаттарыңыз – халыққа адал қызмет ету. Ант берген құрмет ақталуы керек. Өз істеріңіз бен әрекеттеріңізді Заң талаптарымен өлшеңіз. Заң, мәдениет, адалдық, батылдық – бұл сіздердің басты қаруларыңыз. Сіздерге табыс, таусылмас қуат тілеймін, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Олжас Мырзабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру