Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматылық алаяқ елордада жоқ пәтерлерді жалға берумен айналысқан

Интернет-алаяқ Нұр-Сұлтанда жоқ пәтерлерді жалға берумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Киберқылмыстың алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында елорда аумағында “Hi-Tech” атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында алғашқы күннің өзінде криминалдық полиция қызметкерлері 14 киберқылмысты ашты және 5 адамды ұстады.

Мәселен, Алматы қаласының тұрғыны бір ай бойы үйде отырып, интернет арқылы Нұр-Сұлтандағы пәтерді жалға берумен айналысқан. Елорданың 25 тұрғыны жалған хабарламаның құрбаны болған. Жәбірленушілер жалға берушінің өтініші бойынша кепілақыны алдын ала электронды түрде аударып, кейін пәтерді көретін болған. Алайда пәтерді көруге келгенде ғана алаяқтыққа тап болғандарын түсінген.

Барлық фактілерге сәйкес ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, күдікті 400 000 теңгені қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қажетіне жұмсағаны белгілі болды.

Елордалық полиция қызметкерлері қылмысты ашумен қатар әкімдікпен, еріктілермен бірлесіп, профилактикалық іс-шаралар жүргізуде. Адамдар көп жиналатын орындарда интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдарын таратып, акциялар өткізуде. LED-экрандарда кибералаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері туралы түсіндірмелері бар бейнероликтер орналастырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру