Алматылық ұландықтардың автопаркі заманауи техникамен толықты
Наурыз мейрамы қарсаңында алматылық ұландықтардың автопаркі заманауи техникамен толықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы және Түркістан қалаларында ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери бөлімдері жаңа автопатрульдермен толықты. Айрықша мәнге ие бұл оқиға жаңару мен бірліктің мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында өтті.
Жаңа автокөліктер Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Аңсаған Балтабековке таныстырылды. А.Балтабеков қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін атқаратын әскери бөлімдердің техникалық базасын жаңарту маңызына ерекше тоқталды.

– Ұлттық ұлан қоғам тыныштығын күзетеді. Қызметтік-жауынгерлік міндеттерді орындау жоғары дайындық пен жедел әрекет етуді талап етеді. Жаңа автопатрульдер бөлімшелердің әлеуетін едәуір арттырып, қызмет тиімділігін күшейтеді деп сенемін, – деді Бас қолбасшы.
Жаңадан техника патрульдік қызметтің сапасын жақсартуға, шақыртуларға жедел әрекет етуге, азаматтардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

