Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының ірі даңғылында қауіпті жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Алматының ірі даңғылында қауіпті жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесінде Әл-Фараби даңғылында бір топ жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұза отырып, қауіпті маневрлер жасағаны бейнеленген видео анықталды. Бейнежазбада олардың қарсы бағыттағы жолаққа шығуы, күрт маневрлер жасауы, апатты жағдай туындатуы және қауіпсіздік талаптарын елемеуі тіркелген.

Жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде аталған құқық бұзушылықтарға қатысы бар барлық жүргізушілер анықталып, ұсталды.

Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының бастығы Абдинур Тасыбаевтың айтуынша, құқық бұзушыларға қатысты қауіпті маневр жасау, қарсы жолаққа шығу, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін жағдай туындату, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпау фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылған.

Полиция өкілдері мұндай әрекеттердің азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін атап өтті. Әрбір құқық бұзушылық заң аясында қаралып, кінәлі тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру