Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында ішкі істер органдарының құрметті ардагерлерін құттықтады

Ақмола облысында ішкі істер органдарының құрметті ардагерлерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Ақмола облысы Полиция департаментінің басшылығы мен ардагерлер және Ұлттық Ұланның кеңесінің төрағасы Даутбек Нұрғалиев тәуелсіз Қазақстанның ішкі істер органдары құрылуының бастауында тұрған отставкадағы милиция полковниктері ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері Татьяна Кривошеева мен Карабек Омаровқа барды.

Отставкадағы милиция полковнигі Татьяна Михайловна ішкі істер органдарында 29 жылдан астам жұмыс істеді. Нәзік әйел ұзақ жылдар бойы тергеу бөлімшелерін басқарып, кәсіби және сауатты қызметкерлердің бірнеше буынын тәрбиеледі. Бүгінде ол Ақмола облысы ПД ардагерлер кеңесінің мүшесі, өзінің кәсіби тәжірибесімен және білімімен жас қызметкерлермен бөліседі.

ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ризахмет Жанбеков полиция ведомствосы басшылығының атынан Татьяна Михайловнаны құттықтап, гүл шоқтарын, грамотаны және естелік сыйлықты табыс етті.

– Еліміздің тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңінде сіз қоғамдық тәртіпті сақтау ісіне үлкен үлес қостыңыз. Отанымыз үшін ерен еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз, – деді Р. Жанбеков.

Полиция әулетінің негізін қалаушы отставкадағы полиция полковнигі Қарабек Омаров 25 жылдан астам уақытты полиция қызметіне арнады.

Ардагердің даңқты қызметі туралы оның наградалары: үш дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдары, «Милиция үздігі» төсбелгісі, КСРО ІІМ, ҚазКСР ІІМ және ІІБ көптеген грамоталары айтылады. Қарабек Омарұлы Көкшетау облыстық атқару комитетінің ІІБ Құрмет кітабына енгізілген. Зейнеткерлік демалыста жүрген милиция полковнигі жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына белсенді қатысады, немерелері мен шөберелерін тәрбиелеуге көмектеседі, оларға ерте жастан туған жеріне және өз еліне деген сүйіспеншілігін оятады.

– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл – бұл барлық қазақстандықтар үшін үлкен мереке. Біздің мемлекет алғашқы қадамдарын жасаған кездер есімде. Бізді, ардагерлерді, ұмытпағандарыңыз, көңілдеріңізге рақмет. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді Қарабек Омарұлы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру