Ақмола облысында полицейлер қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады
Ұлты әртүрлі полицейлер қазақстандықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысының полиция департаментінде Қазақстан халқының бірлігі күніне ұйымдастырылған, қоғамдық сенімді нығайтуға және азаматтар арасындағы келісім, теңдік пен бірлік қағидаттарын ілгерілетуге бағытталған "Полиция біріктіреді" жобасы ұйымдастырылды.
Департамент қатарында 20-дан астам ұлт өкілдерінің қызмет атқаруы ішкі істер органдарының көпұлтты құрамын және олардың ортақ мақсат жолындағы бірлігін айқын көрсетеді.
Жоба Көкшетау қаласында жүзеге асырылып, сонымен қатар Бурабай, Атбасар аудандары мен Степногорск қаласын қамтиды. Бұл бастама полиция қызметкерлері мен өңір тұрғындарын өзара құрмет, заңдылық және қоғамдық қауіпсіздік құндылықтары төңірегінде топтастыруды көздейді.
Жоба аясында халықпен тиімді диалог орнатуға және полицияның оң имиджін қалыптастыруға бағытталған бейнероликтер, әлеуметтік жарияланымдар мен интерактивті форматтағы іс-шаралар өткізу жоспарланған.
