Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы басталды

Ақмола облысында “Қару” жедел алдын алу іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта Ақмола облысы Полиция департаментінің есебінде 16 мыңнан астам азаматтық қаруы бар 9 мыңнан астам атыс қаруының иелері тұр.

Ішкі істер органдарында тіркелген атыс қаруының ұрлануының алдын алу, оларды қолдану арқылы қылмыстарға жол бермеу, сондай-ақ заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерін анықтау мақсатында 25-31 шілде аралығында Ақмола облысының аумағында “Қару” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер тіркелген қарудың барлық иелерін, мамандандырылған дүкендерді, күзет фирмаларын, мал жайылым учаскелерін және т. б. тексереді.

Бұл күндері атыс қаруы мен оқ-дәрілерді анықтау және заңсыз айналымнан тәркілеу, оларды сатып алу және заңсыз айналымға түсу көздерін анықтау жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, ұрланған азаматтық атыс қаруын іздестіру, БДБ есебінде тұрған қару иелерін анықтау, сондай-ақ олардан жауапкершілікке тарта отырып қаруды тәркілеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру