Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында заңсыз балық аулаған азамат ұсталды

Ақмола облысында заңсыз балық аулаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 6 қаңтарында табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері Щучье көліндегі Бармашы орманшылығының “Бурабай” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында су биологиялық ресурстарын заңсыз аулау фактісін анықтады.
Жергілікті тұрғыннан тыйым салынған балық аулау құралдары, 100 метрлік тор, ақ балық тұқымдасының балықтары, атап айтқанда пеляд және рипус табылды.

Полиция бөлімі бұл фактіні Қазақстан Республикасы ҚК 335-бабы 6-тармағының 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

Естеріңізге сала кетейік, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда балық ресурстарын заңсыз өндіру 6 мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарымен, не 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру