Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда ер адамнан 5 келіден астам есірткі тәркіленді

Маңғыстауда ер адамнан 5 келіден астам есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 18 желтоқсанында сағат 22:55 шамасында Мұнайлы ауданының Маңғыстау ауылында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 30 жастағы азамат ұсталды. Күдіктіге тиесілі Mitsubishi Lancer көлігін тінту кезінде жасыл түсті марихуана есірткі затына ұқсас қағазға оралған 66 зат табылып, тәркіленді.

Алынған заттардың салмағы – 5 келі 135 грамм. Сараптама тағайындалды.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша Мұнайлы ауданы полиция бөлімі СДТБТ-ға тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру