Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жұмыс істемейтін дәмхананы тонап кеткен азамат ұсталды

Ақмола облысында жұмыс істемейтін дәмхананы тонап кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 30 қарашасында сағат 18:15-те Степногорск қаласының полиция басқармасына жеке кәсіпкердің ұрлық фактісі туралы өтініші келіп түсті.

Белгісіз адамдар жұмысын тоқтатқан дәмхананың терезесін зақымдау арқылы, демалыс және көлік жуу бөлмелерінен компьютерлік және тұрмыстық техниканы ұрлап кеткені анықталды. Залал сомасы 885 мың теңгені құрады.

Мекеме бейнебақылаумен жарақтандырылмаған, дегенмен қалалық полиция басқармасының криминалистері мен жедел қызметкерлері ұрлық жасады деген күдіктіні анықтады. Бұған дейін ҚР ҚК-нің 191-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 23 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Тергеу бөлімі осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру