Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық қонақ үйде ұрлық жасаған әйелдің әрекеттері әшкереленді

Елордалық тәртіп сақшылары қонақ үйлердің бірінде қымбат бағалы ұялы телефонды қолды қылған әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құны 375 мың теңге тұратын “Samsung” маркалы телефонды ұрлау фактісі бойынша 48 жастағы әйелді ұстады.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері ұсталған азаматшаның елордадағы қонақ үйлердің бірінде уақытша тұрып, сол жерде ұрлық жасағанын анықтады.

Әйел адам ресепшендегі әкімшінің жұмыс орнында жоқтығын пайдаланып, үстелдің үстінде қараусыз қалған оның ұялы телефонын жасырын ұрлап алып, кейіннен оны ломбардқа тапсырған.

Қонақ үйдің қызметкері телефонының ұрланғанын анықтап, полицияға жүгінген.

Ұсталған күдікті кінәсін мойындады. Тексеру барысында оның осыған дейін де құқық қорғау органдарының назарына іліккені және бірнеше соттылығы бар екені анықталды.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта оның бұрын елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды және бейтаныс адамдарға сене бермеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру