Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері бір отбасыға үйлеріне аман-есен жетуге көмектесті

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Айткүл Валиева “Facebook-тегі” өз парақшасында Ақмола облысының полицейлеріне алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Мен халыққа қызмет ететіндердің барлығына алғыс айтқым келеді. Жұмысына адал, нағыз азаматтарды білу керек деп санаймын,- деп бастады ол.

9 қаңтарда ПД ППР инспекторы Аслан Сәрсенбаев пен Эльдар Байсейітов “Екатеринбург-Алматы” автожолының 1320 шақырымында капоты ашық “Шевроле Орландо” маркалы автокөлікті байқаған.

Полицейлер көлік иелерінің аялдау себебін бірден түсініп, ойланбастан тоқтап, өз көмегін ұсынған. Қатты аязға байланысты көліктің қозғалтқышынан май кеткен. Көлікте осы уақытқа дейін тоңып қалған жүргізушінің әйелі болған. Автордың айтуынша, олар күйеуі екеуі Қарағанды қаласынан келе жатқан.

– Олар жағдайды біліп, бізді жылы көлікке отырғызып, Аршалы ауданының орталығына өз көлігімен алып кетті. Онда көлігімізді жөндеу үшін олар бізге қажет нәрсенің бәрін сатып алуға көмектесті. Күйеуім көлікті жөндеп жатқанда, полиция қызметкерлері барлық уақытта бізбен бірге болып, Нұр-Сұлтан қаласына дейін бірге ілесіп жүрді, – деп атап өтті Айгүл Валиева.

Егер ол әлеуметтік желіде алғыс сөздерін арнап пост жазбағанда, бұл қарапайым адами әрекет туралы ешкім білмес те еді.

– Мен кетіп бара жатып, қызметкерлердің аттарын сұрағаныма өте ризамын. Олар – ротаның қызметкерлері Эльдар Байсейітов пен Аслан Сәрсенбаев. Эльдар мен Аслан сияқты ақ жүректі, адал азаматтар көп болсын! Алла қаласа, өмірде тек биіктерден көрінсін! Біздің отбасымыздың атынан шексіз алғысымызды білдіреміз! Үлкен рахмет!!! – деп жазыпты әйел.

Facebook кейіпкерлеріне айналғанына патрульдік полицейлердің өздері таң қалды.

– Бұл кез-келген адам тап болуы мүмкін жағдай. Біз адамның көмекке мұқтаж екенін көрдік, сондықтан көмекке келдік. Патрульдік полиция қызметкерлері күні бойы жолда жүреді және  мұндай жағдайлармен күн сайын бетпе-бет келеді, көбінесе көлік құралдары бұзылады, біз азаматтардың бәріне қолымыздан келгенше көмектесуге тырысамыз – деді тәртіп сақшылары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру