Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері сауда үйінде орын алған ұрлықтың бетін ашты

Ақмола полицейлері сауда үйінде орын алған ұрлықтың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 шілдеде Ақкөл аудандық полиция бөліміне 53 жастағы тұрғыннан ұрлық жасалғаны туралы өтініші келіп түсті. Кәсіпкер 12 шілдеде сауда үйлерінің бірінде белгісіз тұлға сөреден еркін қол жеткізу арқылы құлаққап пен smart-сағаттың ұрлағанын айтты. Шығын сомасы 24 900 теңгені құрады.

Дүкен қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбаларын қарау кезінде ұрлық жасалғаны туралы білді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің жеке басы анықталды. Бұрын ұрлық үшін сотталған 26 жастағы Ақкөл қаласының тұрғыны бұл әрекетін мойындады. Сауда үйінде оны ешкім бақылап тұрмағына көз жеткізген ол гаджеттерді қалтасына тығып, дүкеннен шығып кеткен. Заттай дәлелдемелер алынды.

ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру