Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық полицейлер донорлық эстафетаны қабылдады

Ақмолалық полицейлер “Болашаққа – есірткісіз” республикалық акциясы аясында 5 литрден астам қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қарашада Ақмола облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері мен Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері Шымкент қаласындағы әріптестерінен донорлық эстафетаны қабылдады.

– Бүгін біз республикалық акцияға қатыстық. Алдағы уақытта біз ұжымымызбен бірге донор болуды және тоқсан сайын қан тапсыруды шештік, осылайша біреудің өмірін сақтап қалуға өз үлесімізді қосамыз, – деп атап өтті Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мейрам Жапбасов.

Ақмолалық тәртіп сақшылары донорлық эстафетаны Ақтөбе облысының әріптестеріне береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру