Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалықтың шотынан белгісіз біреулер алаяқтық жолмен 3,1 млн теңге ұрлаған

Anydesk қосымшасының көмегімен Ақмолалықтың шотынан белгісіз біреулер алаяқтық жолмен 3,1 млн теңге ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 наурыз күні Сандықтау АПБ-на жақын маңдағы ауылдардың 63 жастағы тұрғынынан өзіне тиесілі қаражатты алаяқтық жолмен иемденген белгісіздерге қатысты шаралар қабылдау туралы өтініш келіп түсті. Жоғалған соманы қарт әйелдің қызы анықтаған.

Алдын ала ақпарат бойынша, 24 наурыз күні зейнеткердің телефонына белгісіз нөмірден қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, оның карточкалық шотымен күдікті транзакциялар жасалғаны туралы хабарлаған.

Қауіпсіздік мақсатында банктің жалған қызметкері қарт әйелдің телефонына Аnydesk қашықтан қол жеткізу қосымшасын және депозитінде зейнеткердің ақшалай қаражаты сақталған Еуразиялық банктің мобильді қосымшасын жүктеуді ұсынған.

AnyDesk-тің көмегімен күдікті өтініш берушінің телефонына және мобильді банкингіне қол жеткізіп, оның шотынан 3,1 млн теңгені басқа шотқа аударған. Белгісіз адамның барлық талаптарын орындағаннан кейін зейнеткер қызына болған оқиғаны хабарлаған.

Сандықтау АПБ аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Тәртіп сақшылары ақша жоғалтудан қорғану үшін ешқашан бейтаныс адамдарға өз құрылғыларына кіруге рұқсат бермеуді және олардың өтініші бойынша гаджетке ешқандай қосымшаны жүктемеуді сұрайды.

Ақмола облысының полиция департаменті киберқылмыстың құрбаны болып қалмау үшін өңір тұрғындарына қаржылық және цифрлық сауаттылықты арттыру өтінішін білдіреді.

Ешқашан жеке және төлем ақпаратын ешкіммен бөліспеңіз және қарт туыстарыңызды қауіптілік туралы ескертіңіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру