Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері жыл басынан бері 800-ге жуық қорғау ұйғарымын шығарды

СҚО полицейлері жыл басынан бері 800-ге жуық қорғау ұйғарымын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес – облыстық полиция басшылығының тұрақты бақылауында тұрған жұмыс бағыттарының бірі. Жыл басынан бері СҚО-да отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 10 қылмыс тіркелді. Бұл негізінен – денеге зақым келтіру.

Мұндай жағдайлардың алдын алу — жергілікті полиция қызметінің міндеті. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері үйдегі жанжалқорлардың құрбандарымен жұмыс істейді, оларға өз құқықтарын қорғаудың заңда көзделген тетіктерін түсіндіреді. Учаскелік инспекторлар зорлық-зомбылық фактілері тіркелген отбасыларды, ішімдікті асыра пайдалануға бейім адамдарды шақырулар мен өтініштерге жауап беру үшін үнемі тексеріп отырады.

– Жыл басынан бері облыста отбасылық жанжалдың фактілері бойынша 785 қорғау ұйғарымы шығарылды, оның ішінде 26 адамға қатысты қайталап ұйғарым шығарылған. Әрбір бұзушы бір ай мерзімге есепке қойылады. Сондай-ақ соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына 186 ерекше талап қойды, осыған байланысты олар 3 айға дейінгі мерзімге есепке қойылды, оларды учаскелік инспекторлар үнемі тексеріп отырады. Естеріңізге сала кетейік: тұрмыс саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер үшін жағдайларға байланысты әкімшілік қамауға алудың 10 тәулігіне дейін, ұрып — соғу үшін 15 тәулікке дейін, ал денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 20 тәулікке дейін әкімшілік жауапкершілік көзделген, – деді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Көп жағдайда жәбірленушілер жанжалқорлардың әрекетін жасырып қалады. Мұндай әрекеттер жағдайды одан сайын нашарлатуы мүмкін. Ауыр зардаптардың басталуын болдырмау үшін көмекке жүгіну керек.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша 8 (7152) 49-31-58 (Петропавл қаласы ПБ) және 8 (7152) 61-25-30 (СҚО ПД) телефондары, өздерінің учаскелік инспекторына, 150 республикалық call-орталығына, +7-777-504-77-73 әйелдерді қолдау орталығына немесе “102” арнасына хабарласуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру