Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас адам ЖКО жасады

Қарағанды облысында жүргізуші куәлігінен айырылған мас адам жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұқар жырау аудандық полиция басқармасына қарасты Ғабиден Мұстафин кенттік полиция бөліміне Нұра станциясына жақын маңдағы теміржол бойында жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, бағанаға соғылған жеңіл көлікті көрді.

48 жастағы көлік жүргізуші оқиғаның қалай болғанын полицейлерге дұрыстап айта алмады. Оны медициналық куәландырудан өткізу барысында оның мас екені анықталды. Сондай-ақ тексеріс жұмыстары барысында жүргізушінің осыдан үш жыл бұрын көлікті мас күйде басқарғаны үшін сот шешімімен 5 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру