Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды

Жаза өтеуден жалтарған Мәртөк аудандық пробация есебіндегі сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының 27 жастағы тұрғыны Сот белгілеген жаза өтеу шарттарын бұзғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Ол бұған дейін ұрлық қылмысын жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, 2021 жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық пробация қызметіне есепке алынған болатын.

Есепке алынған күннен бастап Мәртөк аудандық пробация қызметкерлері сотталғанға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаның өтеу шарттары және жазаны өтеу тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар пробация қызметкерлері сот жүктеген міндеттер мен бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібінің шарттарын қаскөйлікпен бұзу – сот тағайындалған бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген мерзімін дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылатыны жөнінде ескертіп, сотталған азаматтан жазбаша қолхаттар мен түсініктемелер алды.

Алайда пробация есебінде тұрған сотталған Т. жаза өтеу барысында пробация қызметіне тіркелуге келмей, жаза өтеуден жалтарып, жасырынады. Осыған байланысты сот аталған есепте тұрған азаматқа іздеу жариялайды және Мәртөк аудандық пробация қызметі аудандық криминалдық полиция қызметкерлерімен бірге республикалық “Участок” жедел- профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде жаза өтеуден жалтарған есепте тұрған азаматты ұстайды.

Ашық сот отырысында сот талаптарын орындамаған есепте тұрған азаматтың тарапынан жоғарыда орын алған заң бұзушылыққа байланысты сот үкімімен жазасының өтелмеген қалған бөлігі, яғни 2 жыл 28 күні бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру