Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ Тергеу департаменті “К” орталығымен интернет-алаяқтықпен күресудің жаңа әдістерін әзірлеуде

10 қарашада ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділовтың төрағалығымен интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша теориялық және практикалық сабақ өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға ІІМ Криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай, киберқауіпсіздікті талдау және тергеу орталығының (TSARKA) сарапшысы Виталий Перов, Астана қаласы ПД бастығының орынбасары Мұратжан Шакеров, ІІМ тергеушілері мен жедел уәкілдері, Астана қаласы ПД, Көліктегі ПД және Ақтөбе гарнизонының тергеушілері қатысты.

– Өздеріңіз білетіндей, бұрын біреудің ақшасын иемдену үшін пәтер ұрлығы жасалатын. Енді қазір басқа да тәсілдер пайда болды. Қылмыскерлер бізден бірнеше қадам алда. Сондықтан біз бұл мәселені мұқият шешіп, ескі үлгілерден, тергеу формалары мен әдістерінен арылып, жаңа әдістерді іс жүзінде қолдануды үйрететін мамандарды табуымыз керек. Әлем өзгерді, технология бір орында тұрмайды, сондықтан біз де жаңа дүниелерді меңгеруіміз керек, – деп атап өтті Санжар Әділов.

– Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастамасымен семинар өткізудеміз. Мені шараға қатысуға шақырғанына өте қуаныштымын. Мұнда мен интернет-алаяқтық, атап айтқанда қылмыскерді іздеу, сондай-ақ цифрлық ізге қатысты ақпарат жинау туралы бар білгеніммен бөлісудемін, – деді Киберқауіпсіздікті талдау және тергеу орталығынан шақырылған сарапшы Виталий Перов.

Айта кетейік, Тергеу департаменті интернет-алаяқтықты тергеудің әдістерін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру