Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында “Папилон” жүйесі арқылы 245 қылмыс анықталды

Павлодар облысында жыл басынан бері “Папилон” жүйесі арқылы 245 қылмыс анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Павлодар облысы ПД Жедел-криминалистикалық басқармасы қызметкерлерінің көмегінсіз бірде-бір қылмысты ашу жүзеге аспайды. Тергеушілер сарапшылардың қорытындыларына сүйенеді.

2000 жылдан бері Павлодарлық криминалистердің қызметінде пайда болған “Папилон” автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық-іздестіру жүйесі криминалистерге ауыр қылмыстарды ашуда көмектеседі.

– Жылдың басынан бастап криминалистер жинаған дактобаза мен “Папилон” автоматтандырылған жүйесі бағдарламасының арқасында 65 мәйіт анықталып, 245 қылмыс ашылды. Криминалистер оқиға болған жерде 2 607 тексеруге қатысты. Оның 922-сінен күдікті қылмыскерлердің саусақ іздері тәркіленді, – дейді Павлодар облысы ПД Жедел-криминалистика басқармасының бастығы Арғын Сұлтанов.

Жедел-тергеу тобының құрамы оқиға орнына алғашқылардың бірі болып шығып, барлық қажетті заттай дәлелдемелерді мұқият жинайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы – саусақ іздері мен алақан іздері. Олардың көмегімен криминалистер қылмыстың бүкіл көрінісін қалпына келтіріп, жәбірленушіні де, қылмыскердің өзін де анықтай алады.

Қазір техника да, жұмыс әдістемесі де жетілдірілді. Бұрын қылмыстарды ашудағы жеделдік төмен болатын. Қазір “Папилонның” АЖАД арқасында қылмыс орындарынан қол іздерін тексеру жұмыстары бірнеше есе қысқарды. Енді дерекқорға саусақ іздері мен алақандарды енгізу жеткілікті, бағдарлама қысқа уақыт ішінде нәтиже береді.

Қылмысты тергеудің сәттілігі криминалистің жұмысының сапасына байланысты, өйткені алынған барлық ақпарат – дәлел.

Мысалы, М.Жүсіп көшесінде орналасқан павильоннан тұрмыстық техниканы ұрлау оқиғасы папилонның көмегімен ашылды. Жәбірленуші шығынды 500 мың теңгеге жуық қаржыға бағалады. Оқиға болған жерді тексеру кезінде қаскүнем қалдырған қолдың саусақ ізі тәркіленді, басқа ешқандай із қалмаған. Қол іздерін тез және анық түсіріп алғаннан кейін криминалист оларды “Папилон” автоматтандырылған саусақ ізі ақпараттық жүйесінің көмегімен анықтады. Алдын ала табылған саусақ іздері Павлодар қаласының 35 жастағы тұрғынының саусақ іздерімен тұспа-тұс келді. Дәлелдердің нақты болуына байланысты ол кінәсін мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру