Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жыл басынан бері мал жоғалу фактісі бойынша 90 арыз тіркелген

Ақтөбе облысында жыл басынан бері мал жоғалу фактісі бойынша 90 арыз тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz

Көп жағдайда полиция қызметкерлері ұрланған емес, жоғалған малдарды іздеуге мәжбүр болады. Тек жыл басынан бері полицияға 90 ірі қара мал иесі арызданған.

Мысалы, Мұғалжар аудандық полиция бөліміне Талдысай ауылының зейнеткерінен арыз түсті. Ер адам 5 шілде күні жоғалған алты бас жылқысын іздеуге көмек сұрады.

Іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аудан орталығының көшелерін аралап, жылқы мен ұсақ мал жаюмен айналысатын малшылар мен табыншылардан сұрастырды. Алға ауданының Қарақобда ауылындағы іздестіру шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері барлық 6 бас жылқыны тауып, иесіне қайтарып берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру