Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері өз міндеттерін адал атқарғаны үшін марапатталды

Қостанай облысының полицейлері өз міндеттерін адал атқарғаны үшін марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков Қазақстан полициясының 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында ҚР ІІМ-де өткен салтанатты іс-шараға қатысқан полицейлердің дарынды балаларын марапаттады.

– ІІМ басшылығы Ішкі істер органдары қызметкерлерін әлеуметтік қолдау қорымен бірлесіп, біздің шығармашылық балалар ұжымын ынталандыруда. Көркемөнерпаздардың дамуына және полиция имиджін көтеруге қосқан үлесі үшін қатысушылар мен ұжым жетекшісі Нұргүл Байдрахмановаға алғысымды білдіремін, – деді Ерлан Омарбеков.

Шығармашылық жетістіктерден бөлек, полиция ведомствосында әріптестерінің спорттық жетістіктері де атап өтілді. Салтанатты рәсімде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кубогы үшін қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнирде құрметті бірінші орынға ие болған Аманбек Жаманқараевты құттықтады.

Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және Анықтау қызметінің құрылған күніне байланысты полиция ведомствосының басшысы Ерлан Омарбеков Қостанай қаласы ПБ Анықтау бөлімінің бастығы Қахраман Анарметовке “Қазақстан полициясына 30 жыл” төсбелгісін табыс етті.

ҚР ІІМ логотипі бар қол сағаттарына Қостанай қаласы ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысы Бауыржан Шиткенов ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру