Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде көлік басқарған оқушы анықталды

Ақтөбеде көлік басқарған оқушы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 мамырда Ақтөбе қаласы ПБ жедел басқару орталығының 102 телефонына №10 орта мектеп ауданында, Оңтүстік-батыс тұрғын алабында кәмелетке толмаған бала көлікті жоғары жылдамдықпен басқарып жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған мекенжайға патрульдік полиция жасағы жіберіліп, Ақтөбе қаласы мектептерінің бірінде оқитын оқушының басқаруындағы Daewoo Nexia автокөлігі тоқтатылды.

Жасөспірімге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды және ата-аналарына қатысты қаулы шығарылды. Автокөлік оқушының ағасына тиесілі екендігі анықталды. Көлік арнайы автотұраққа қойылды.

Ақтөбе облысының полицейлері ата-аналарға балаларына мұқият болуын, көлік құралдарының кілттерін қараусыз қалдырмауын және балаларына саналы түрде бермеуін ескертеді. Сондай-ақ заңнамада көрсетілгендей, көлік құралдарын басқаруды жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға беруге болмайтының еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру