Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бір түнде екі көліктен ұрлық жасаған астаналық құрықталды

Бір түнде екі көліктен ұрлық жасаған астаналық құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, ұрлық түнгі уақытта Әуезов көшесінде жасалған. Үйдің ауласында тұрған Lada Priora автокөлігінен автомагнитолла, планшет, әмиян ұрланған. Автокөлік иесі ұрлық жасалғанын таңертең ғана байқап, дереу полицияға жүгінген.

Сол күні полицияға қаланың басқа тұрғынынан осыған ұқсас арыз түскен. Белгісіз адам Mercedes Benz автокөлігінің салонына кіріп, қолма-қол ақшаны ұрлап кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 41 жастағы қала тұрғынын анықтады. Күдіктінің түнде есігі ашық қалған көлік кезігіп қалар деген қылмыстық оймен көліктердің тұтқаларын тартып көргені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұсталған адам мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру жүргізіліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, автокөліктердің есіктері мен терезелерін жабуға, салонда қаскүнемдердің назарын аударуы мүмкін құнды заттарды қалдырмауға кеңес береді. Машинаны күзет дабылы жүйесімен жабдықтау қажет.

Егер сізге қатысты заңсыз әрекеттер жасалса, дереу “102” арнасына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру