Ақтөбеде пробация қызметкерлері «істі» болған жасөспірімдермен жұмыс жасауда
Ақтөбеде Пробация қызметі жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін әлеуметтік-құқықтық және психологиялық көмек берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметіне алты ай ішінде пробациялық сотқа дейінгі іс, жеке меншікке қол сұғушылық, яғни ауыр қылмыс жасап істі болған кәмелетке толмаған үш жасөспірімнің заңды өкілдері жүгінді.
Пробациялық сотқа дейінгі іспен өткен 17 жастағы екі жасөспірім біреуінің әжесінің үйіне қонаққа бару кезінде немере ағасының өтінішімен сол азаматтың Kaspi.kz мобильді қосымшасының көмегімен Kaspi Gold картасындағы шотынан ақша аудару кезінде шоттағы үлкен соманы көріп, қасақана ұрлық жасап, үлкен соманы өз шоттарына аударған.
Кәмелетке толмағандардың мекен-жайлары бойынша оң мінезделуіне және сотталушылардың кінәларын ашық түрде мойындап, олардың қылмыс жасау кезінде кәмелеттік жасқа толмағандары және шығындарын өтеу арқылы жәбірленушімен екі жақ тараптан медиативті келісімге келгенін. Сонымен қатар жасөспірімдердің ауыр қылмысты бірінші рет жасап отырғанын ескере отырып, сот аталған істі қысқартып, сотталушыларды қылмыстық жауапкершіліктен босатты.
Пробациялық сотқа дейінгі іспен өткен екінші жасөспірім «Э»., бөгде адамның көлігіне заңсыз кіріп, көліктегі ер адамның сөмкесіндегі 170 мың теңгені жеке құжаттарымен бірге ұрлаған. Аталған жасөспірімге сот үкімімен пробациялық бақылау тағайындалып, бір жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу түріндегі жаза бекітілді.
Айта кету керек, Пробация қызметі жоғарыда аталған жасөспірімдердің қайта қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы үшін олардың мінез-құлықтарын зерттей отырып, әлеуметтік- құқықтық көмек көрсетті. Сонымен қатар «Дәріс» ақпараттық-консультативтік орталығымен бірлесіп, оларға психологиялық көмек берді.