Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана полицейлері іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

Астана полицейлері іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданының УПП-44 учаскелік полиция инспекторлары Е-753 көшесіндегі әкімшілік учаскені аралау барысында көшеде темекі шегіп тұрған үш адамды байқайды. Олардың бірі темекі тұқылын жерге тастап жіберген. Шара қолдану үшін учаскелік полицейлер тәртіп бұзушыларға жақындаған. Оған қатысты жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін ҚР ӘҚБтК 434-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Тексеру барысында Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматы Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 159-бабының 2-бөлігінде (Алаяқтық), сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 104-бабының 1-бөлігінде (Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының ПД уақытша ұстау изоляторында. Экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру