Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада бірқатар ұрлық дерегіне қатысы бар саяжай ұрысы құрықталды

Астанада бірқатар ұрлық дерегіне қатысы бар саяжай ұрысы құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта полиция ер адамның Қоянды массивіндегі саяжай учаскелерінде жасалған ұрлықтың 12 эпизодына қатысы бар екендігі анықталды.

Тергеу барысында Ақмола облысының 31 жастағы тұрғыны бірнеше ай бойы саяжай үйлеріне заңсыз кіріп, заттарды ұрлағаны белгілі болды. Бөтеннің үйіне құлыптарды бұзып, қабырғаларды, есіктерді, терезелерді сындырып кірген.

Осылайша, Байқоңыр ауданының полиция басқармасына саяжай учаскесінің иесі хабарласып, белгісіз біреудің қабырғаны сындырып, шиферді бұзу арқылы қоймаға кіріп, 50 метр кабель мен ұзартқыш сымды, есептегіштерді, металл сынықтарын алып кеткенін хабарлаған.

Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру іс-шараларына кірісіп, оның барысында күдікті анықталды. Ол бұрын сотталған ер адам болып шықты, мойындау көрсетпелерін берді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті елорда тұрғындарына қырағылық танытуға кеңес береді. Жеке мүлікті ұрлау – қылмыстың ең көп таралған түрі. Пәтер ұрыларының құрбаны болмас үшін пәтерлеріңізді қараусыз қалдырмаңыз, жеке үйлердің иелеріне үйді күзет дабылымен жабдықтауды ұсынамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру