Астанада қарсы жолаққа шыққан жүргізуші жауапкершілікке тартылды
Астанада қарсы жолаққа шыққан жүргізуші жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Қабанбай батыр даңғылы бойында KIA Rio автокөлігін басқарған 39 жастағы елорда тұрғынын тоқтатты.
Тексеру барысында жүргізушінің Сарайшық көшесінен Қорғалжын тасжолы бағытына қарай қозғалу кезінде төрт және одан да көп жолағы бар екіжақты жолда 1.3 жол таңбасының талаптарын бұзып, қарсы бағытқа шыққаны анықталды. Осылайша ол Қазақстан Республикасының Жол жүрісі қағидаларының 9-тарауы 61-тармағының талаптарын бұзған.
Аталған құқық бұзушылық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіріп, жол-көлік оқиғасына себеп болуы мүмкін.
Құқық бұзушылық фактісі бойынша жиналған әкімшілік материалдар ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.
Полиция барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қарсы бағытқа шықпауға және өз өмірі мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
