Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада супермаркеттен 60 мың теңгеге жуық сомаға шоколад ұрлаған азамат ұсталды

Астанада супермаркеттен 60 мың теңгеге жуық сомаға шоколад ұрлаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданының полицейлері елорда аумағында ұрлық жасауға қатысы бар 29 жастағы тұрғынды анықтады.

Супермаркет әкімшілігінің арызы бойынша ер адам жалпы сомасы 55 725 теңгеге 25 қорап Merci шоколадын алып шыққаны белгілі болды.

Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған астаналық азамат мойындау көрсетпелерін берді. Қазіргі уақытта ол қамауға алынды. Бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті шағын және орта бизнес иелеріне қырағы болуды, шағын және орта бизнес объектілерін бейнебақылау камераларымен, сондай-ақ күзетпен жарақтандыруды ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру