Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада үздік полицейлер марапатталды

Астана қаласы полиция департаментінде ішкі істер органдары қызметкерлері марапатталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінде ерекше көзге түскен ішкі істер органдары қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты.

Ол өз сөзінде қызметкерлердің жоғары кәсібилік, жауапкершілік және қызметтік борышқа адалдық танытқанын атап өтті.

Сондай-ақ олардың үйлесімді әрекеттері еліміз үшін маңызды кезең — жаңартылған Конституцияны қабылдаумен байланысты уақытта қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқанын жеткізді.

Әсіресе, республикалық референдум өткізу кезеңінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында жоғары кәсібилік танытқан полиция қызметкерлеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оларға алғыс хаттар жарияланды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес бірқатар қызметкерлерге ведомстволық наградалар табысталып, оның ішінде грамоталар мен алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар мерзімінен бұрын арнайы атақтар беріліп, "Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медальдары табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру