Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облыстық ПД-да Конституция күні қарсаңында фотокөрме ұйымдастырылды

Атырау облысы полиция департаментінде Конституция күні қарсаңында фотокөрме ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 тамыз – Конституция күнін мерекелеу қарсаңында Атырау облысы полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің фотографы Ғасырбек Мұхадисовтың фотокөрмесі ұйымдастырылды. Фотоаппарат объективімен әлемді көрген жас фотограф департаменттегі басқарма-бөліністердің тыныс-тіршілігінен, Конституцияның полицей құрдастарының және Ата заң қабылданған жылы еңбек жолын бастаған қызметкерлердің фотосуреттерінен жиналған туындыларын ұсынған.

Жас маманның бастамасын патриоттық тәрбие мен қызметкерлер арасындағы моральдық-психологиялық климатты қалыптастыруда ықпалы бар деген департамент бастығының орынбасары Әділхан Байдосов Ғасырбек Мұхадисовке қызметте табыстар тіледі.

– Полицейлердің портретін түсіруде назарда ұстау қажет тұстар өте көп. Нысанды киім, кең иық пен патриоттық бейне толы тұлғаны объективке алу кезінде қателесуге болмайды. Ұстамдылық пен батырлық, ыждағаттылықты, намыс пен салмақтылықты бір картинаға сыйғызуға тырысамын. Бұл бес жылдан бері қызметімдегі ең алғашқы фотокөрмем. Өте қуаныштымын, – деді Ғасырбек Мұхадисов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру