Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында қараусыз жүрген төрт-түлік малдың қатысуымен 28 ЖКО орын алған

Атырау облысында жыл басынан бері қараусыз жүрген төрт-түлік малдың қатысуымен 28 ЖКО орын алған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түнгі уақытта төрт-түлік малды қараусыз қалдырмау қажет. Жыл басынан бері Атырау облысы аумағында малды бағу және жаю қағидаларын бұзған 322 дерек тіркелді.

Жол жиегінде қараусыз жүрген мал салдарынан жыл басынан бері 28 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Сондай-ақ, облыста ауыл шаруашылығы жануарларын асырау, ұстау, бағу жəне оларды уақытында бірдейлендіріп отыру маңызды да, өзекті мəселелердің біріне айналып отыр.

Қазіргі уақытта өкінішке орай, автокөлік жолдары мен темір жолдардың бойында көлік құралдарының жануарлармен соқтығысуы, соның салдарынан адам мен мал шығыны, көлік құралдарының бүлінуі орын алып отыр. Тәртіп сақшылары бұл жөнінде арнайы жиындар өткізіп, ескертулер жасап, түрлі іс-шаралар атқаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру