Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер тұрғындардың назарын аударған рейд жүргізді

Қостанайлық полицейлер тұрғындардың назарын аударған рейд жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанайлықтар нақты уақыт режимінде полицейлердің қызмет атқаруын бақылап, жүргізушілердің құқық бұзушылықтарын анықтағанына куә болды. Полиция қызметкерлері тұрғындардың ерекше назарын аударған рейд өткізді. “Қауіпсіз жол” акциясы аясында Қостанай қаласы полиция басқармасының қызметкерлері прокуратура өкілдерімен және @avtoregion_10 негізін қалаушы Микаэль Боровпен кезекті рейд өткізді.

– Мен мұндай іс-шараға алғаш рет қатысып отырмын. Бұл мен үшін және менің жазылушыларым үшін өте қызықты, мазмұнды болды, олардың арасында жастар көп. Бұл құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу үшін жасалды. Бірнеше сағат ішінде Instagram-да бейне 1000-нан астам қаралым жинады және мессенджерлерде кеңінен таратылуда. Мұндай рейдтер ақпараттандыру мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтеді, – дейді Микаэль Боров.

Патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысын қоғам көзімен көрсету – бұл мамандықтың қыр-сыры мен күрделілігін ашатын ерекше әдіс.

– Рейд барысында әкімшілік бұзушылықтар анықталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тағы да тұрғындар мен автокөлік иелеріне өте сақ болуды сұраймыз. Сіздің қауіпсіздігіңіз және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі жолдағы тәртіпке байланысты, – дейді Қостанай қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Марат Сахратов.

Айта кету керек, өңірде қоғамдық және танымал тұлғаларды тарта отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сақтау бойынша рейдтер тұрақты негізде өткізіледі. Полиция қызметкерлері осы форматтағы іс-шаралар жол қозғалысына қатысушылардың назарын жолдардағы қауіпсіздік мәселесіне аударатынына сенімді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру