Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полицейлері өрт шыққан үйдің 30 тұрғынын эвакуациялады

Құлсары қаласында көпқабатты үйдің бірінде өрт шыққан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 шілде таңғы 4:15 шамасында көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінен электр шитінің ақауы болып, өрт шыққандығы туралы “102” пультіне хабарлама түскен.

(Өрт: 2.31 – 3.58)

Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полиция инспекторлары Парахат Пирмагамбетов пен Ғарифолла Сағидоллин, патрульдік полиция взводының қызмет инспекторлары Айдар Шарипов, Рүстем Сарузинов, Қуантқан Сағидоллаев және Алишер Сандибаев тұрғындардың көмек сұраған дауысын естіп, түтінге оранған көпқабатты үйдің 30 тұрғынын шұғыл эвакуациялады. Олардың 10-ы балалар.

– Подьезд түтінге оратылып тұрды, терезеден тұрғындар бізді шығармасаңдар да балаларды шығарыңдаршы деп айқайлап жатты. Ойланатын уақыт болмады, өрт бізді шығарып болсын деп күтпейді ғой. Бірінші балаларды киіммен бүркеп, көтеріп далаға алып шықтық. Ешкім зардап шекпеді, сол үшін қуандық, – деді патрульдік полиция взводының қызмет инспекторы Айдар Шарипов.

Айта кету керек, мұндай жағдай ақпан айында да орын алған болатын. Сол кезде де Құлсары қаласының полицейлері тұрғындарды өрттен құтқарған еді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру