Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мас күйінде көлік басқарған 300-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

Шымкентте алты айда мас күйінде көлік басқарған 300-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылдың қаңтар мен маусым айларының аралығында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында мас күйінде көлік құралын басқарған 309 жүргізушіні ұстады.

Аталған жүргізушілер Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Заңнамаға сәйкес жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру