Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда есептегі сотталғандар мекенжайлары бойынша тексерілді

Атырауда есептегі сотталғандар мекенжайлары бойынша тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атырау қалалық пробация қызметінде есепте тұрған сотталған адамдардың жол беруі мүмкін қылмыстық құқық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Атырау қалалық пробация қызметі Атырау калалық прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп, пробация есебінде тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алу мақсатында профилактикалық сұхбаттасулар жүргізілді. Тексеріс барысында екі бұзушылық анықталды.

Құқық бұзушылыққа қатысты есептегі сотталғанның бас бостандығынан шектеу жаза түрінің өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы материалы қалалық сотқа жолданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру