Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО ПД-да жас қызметкерлердің бейімделу үдерісін 9 тәлімгер қадағалайтын болады

БҚО полиция департаментінде жас қызметкерлердің бейімделу үдерісін 9 тәлімгер қадағалайтын болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінде тәлімгерлік институты қайта жандануда. Енді жаңа қызметкерлердің бейімделу барысын ішкі істер органдарының ардагерлері де бақылайтын болады. Ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің тапсырмасы бойынша тәлімгерлік институты қайта қалпына келтірілуде.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ішкі істер органдары ардагерлерінің әлеуеті, олардың өмірлік және кәсіби тәжірибесі үлкен сұранысқа ие. Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысында еңбек өтіліне байланысты қызметтен кеткен полицейлер лайықты демалысқа шықты. Олардың арасында ішкі істер органдарында қызмет атқаруға, тәртіп пен азаматтардың құқықтарын қорғауға белсене кіріскен қызметкерлер, тәжірибелі тергеушілер және басқа да қызмет ардагерлері бар. Егер бұрын тәлімгерлер тек өнегелі дәріс оқумен шектелсе, енді олар күрделі тергеу жұмыстарына, қоғамдық тәртіпті қорғауды ұйымдастыруға тікелей қатысып, сол арқылы жастарды өз үлгілерімен тәрбиелейтін болады. Осы мәселеге арналған жиында Батыс Қазақстан облысының полиция департаментінің басшылығы мен ардагерлері ішкі істер департаменті ардагерлері арасынан 9 тәлімгерді таңдау туралы шешім қабылдады. Көптің шешімімен тәлімгерлер кеңесінің төрағасы ретінде ұзақ жылдар бойы ішкі істер органдарында қызмет етіп, білікті де жауапты басшы бола білген отставкадағы полиция подполковнигі Бектібай Блекешов бірауыздан сайланды.

Сондай-ақ тәлімгерлер кеңесінің құрамына отставкадағы полиция майоры Клавдия Қуанышқалиева, отставкадағы полиция полковнигі Ысқақ Қаженов, отставкадағы полиция подполковнигі Ғайбатулла Сәрсеков, полиция подполковнигі Бисенбай Өтегенов, отставкадағы полиция полковнигі Аманжол Ахметов, отставкадағы полиция полковнигі Сайын Антазиев, отставкадағы полиция капитаны Руслан Қабашев енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру