Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында өткен жылы 300-ден астам есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Маңғыстау облысында өткен жылы есірткі қылмысына қатысты 300-ден астас құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2023 жылдың қорытындысына сәйкес, Маңғыстау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен барлығы 320 есірткі құқық бұзушылығы тіркелді. Сонымен қатар марихуана есірткі өсімдігін өсірумен айналысқан төрт есірткі зертханасына тосқауыл қойылды. Сотқа 270 қылмыстық іс жолданды, оның ішінде 57-сі – ауыр және аса ауыр қылмыс. 255 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 43 азамат қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазаларын өтеп жатыр.

Бұдан бөлек, есірткі қылмысымен күресті күшейту, нашақорлықтың алдын алу бағытында 325 профилактикалық іс-шара өткізілді.

Рейдтік іс-шаралар барысында 530 граффити жазу жойылып, есірткі сату, өткізумен айналысатын 115 сайт пен Telegram әлеуметтік жүйесіндегі онлайн дүкендер бұғатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру