Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда өткен жылы мыңға жуық азамат мас күйде көлік басқарған

Маңғыстауда өткен жылы мыңға жуық азамат мас күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полицейлер жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында қала мен аудандардың, шағын аудандар мен көшелердің аумағын тәулік бойы патрульдейді. 2023 жылдың басынан 12 ай ішінде барлығы 104959 жол қозғалысы ережесін бұзушылық анықталды. Оның ішінде, жол ережелерін өрескел бұзу дерегі бойынша 46058 әкімшілік хаттама толтырылған. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар – қауіпсіздік белдігін тақпау және көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалану. Сондай-ақ жаяу жүргіншілер де жол ережесін бұзудан қалыспауда.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша 22543 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабымен 10607 хаттама жасақталды. Ал жолды тиісті емес жерден өтіп өз өмірлеріне қауіп төндірген 10331 жаяу жүргінші жауапқа тартылды. Сонымен қатар мас күйінде көлік жүргізу қылмыс екенін біле тұра, бір жылда мыңға жуық жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарған.

Сондай-ақ 1518 жүргізуші жаяу жүргіншілерге немесе жол қозғалысының өзге де қатысушыларына жол бермегені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру