Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрыш баллонын қолданған өскемендікті қылмыстық жауапкершілік күтуде

Бұрыш баллонын қолданған өскемендікті қылмыстық жауапкершілік күтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қ. ПБ 40 жастағы облыс орталығының тұрғыны хабарласып, азық-түлік дүкендерінің бірінің жанында туындаған жанжал кезінде осыған дейін таныс емес азамат оның бетіне бұрыш баллонын шашқанын хабарлаған.

Сол ауданда қызмет өткеріп жүрген патрульдік экипаж 45 жастағы қала тұрғынын ұстаған. Күдікті кінәсін мойындады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша 45 жастағы азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру