Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкенге ұрлыққа түсіп, қашпақ болған ер адам ұсталды

Ақтөбе қаласында азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8 шілде күні сағат таңғы 5-те Ақтөбе қаласы ПД патрульдік полиция батальонының полиция экипажы Ілияс Майман мен Алмаз Тастанов Құрмыш ауданында желіде болды. Сол уақытта оларға жақын тұрған кәсіпорынның күзетшілері келіп, қара киімде, бетпердемен және спорттық сөмкемен қашып бара жатқан ер адамды байқағандарын айтқан. Күзетшілер оны ұрлық жасады деп күдіктенген.

Дереу іздестіру шараларын қолға алып, Қонаев, Шернияз, Нокин көшелерін жауып, іргелес жатқан жағажайларды бақылауда ұстап, автокөліктерді, жаяу жүргіншілерді тексеріп, куәгерлерді іздей бастады. Осы уақытта сол аудандағы Набережная көшесіндегі “Жағалау” дүкенінде дабыл іске қосылғандығы туралы Жедел басқару орталығынан хабарлама келіп түсті. Іздестіру екі сағатқа созылды. Іздеу барысында Алмаз Тастанов қара киім мен қол сөмкесі бар жігітті байқады. Ішкі түйсігі оны алдамады, көрген адамы полиция жақындай бере қашуға айналды.

– Біз оның артынан жүгірдік, 3-4 метр қашықтық қалғанда ол сөмкедегі ақшаларды маған қарай шаша бастады – дейді Ілияс Майман. Кейін менің “тоқта, атамын” деген сөзіме да құлақ аспады

Ілияс оны қуып жетіп, жерге құлатып, жолды жауып тұрған басқа экипаждың қызметкерлері Бауыржан Шоқпотов пен Данияр Аймағанбет дереу жетіп келді. Оқиға орнына жедел топ келіп жетті. Ұсталған адам кінәсін мойындады, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру