Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі айдың ішінде бірнеше рет ұрлық жасаған шымкенттік қамауға алынды

Шымкент қаласы Еңбекші АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері екі айдың ішінде бірнеше ұрлық жайтына қатысы бар күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың шілде және қыркүйек айларында қала аумағындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен шамамен құны 10 мың теңге тұратын екі дана кислород баллонын және құны 80 мың теңге тұратын ұзындығы 40 метр дәнекерлеу кабелін, дүкендердің бірінен шамамен құны 54 мың теңге және 38 мың теңге тұратын “KRAUSE” маркалы сатыларын, автотұрақтардің бірінен шамамен құны 50 мың теңге тұратын екі дана аккумуляторын ұрлаған күдіктіні полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықтап, полицияға жеткізген. Ол 1991 жылы туған Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды.

Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталған соң, заңды, әрі негізді процестік шешім қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру