Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екі ақмолалық салынып жатқан үйден қымбат сантехниканы ұрлап кеткен

Екі ақмолалық салынып жатқан үйден қымбат сантехниканы ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 наурызда Атбасар аудандық полиция бөліміне өңірдегі ЖШС бірінің басшысы хабарласып, 7 наурызға қараған түні белгісіз тұлғалар салынып жатқан үйдің үй-жайынан сантехниканы ұрлап кеткенін хабарлады. Шығын сомасы 938 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтады. Олар осыған ұқсас қылмыстар үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған 33 және 46 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты.

Қаскүнемдердің айғақтары бойынша, олар түнгі уақытта ұрлық жасап, ұрланған заттарды жеке көлігімен алып кеткен. Кейінірек сантехниканы іске асыру жоспарланған болатын.

Тергеу бөлімі аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру