Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада есірткілік мас күйде жол апатын жасаған жүргізуші анықталды

Елордада есірткілік мас күйде жол апатын жасаған жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” арнасына елорда тұрғынынан белгісіз біреудің оның көлігін қағып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған қоңырауға полиция жасағы бірден ден қойды. Оқиға орнына жеткен полицейлер Chevrolet Niva автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі көліктің толық тоқтағанша қозғалыс жылдамдығын азайту үшін дер кезінде шара қолданбай, KIA Carnival автокөлігімен соқтығысқанын анықтады.

Сондай-ақ 19 жастағы жүргізуші өзін өте күдікті ұстағандықтан, тәртіп сақшылары құқық бұзушыға медициналық куәландырудан өтуді ұсынды.

Медициналық куәландырудың қорытындысы бойынша жас жігіт есірткіге мас болған.

Полицейлер құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік іс қозғады.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен жас жігіт ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігіне (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла отырып, 20 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру