Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ІІМ тергеу бөліністері қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті

Отан қорғаушылар күніне орай Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде Ішкі істер министрлігі тергеу бөліністері қызметкерлерінің арасында спартакиада өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Спорттық шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар қызметкерлердің жігерін арттырып, оларды өзара ынтымақтастыққа тәрбиелеу болды.

“Бүгінгі біздің спартакиадамыз тергеу бөліністері арасында Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай өткізіліп жатыр. Салауатты өмір салты – ұлт денсаулығының кепілі. Қызметкерлер өз шеберліктерін көрсетуге дайын деп ойлаймын”, – деді ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов.

Сайыста төрт команда өнер көрсетті. Қатысушылар мини-футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, арқан тартыс пен гір тасын көтеруден сынға түсті.

Көрермендердің көңілінен шығып, қолдаушыларға қызық сыйлаған бәсекеге толы жарыстардың бірі – арқан тартыс болды. Мұнда қызметкерлердің әрқайсысы өз командасын алға шығаруға тырысып бақты.

Жалпыкомандылық есеп бойынша Көліктегі полиция департаменті спартакиаданың жеңімпазы атанды. Екінші орынды Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті еншілесе, үшінші орын Әскери колледждің командасына бұйырды.

Жоғары рух пен физикалық дайындықтарын көрсете білген қатысушылар кубоктармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру