Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында есептегі жастар спорттық жарысқа қатысты

Қызылорда облысында пробация есебіндегі жастар арасында шағын футболдан және қол күрестен жарыс өтті – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шиелі аудандық прокуратурасының бастамасымен аудандық Жастар ресурстық орталығы және пробация қызметінің ұйымдастыруымен спорт клубында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробация қызметінің есебіндегі азаматтар арасында шағын футбол және қол күрестен жарыс өтті.

Шағын футболдан жарысқа “Нұрдаулет”, “Гигант” және “Ауылдастар” командалары қатысты. Білек күшінің мығымдылығын анықтайтын қол күрес жарысына пробация есебіндегі 18 сотталған қатысты. Жарыс нәтижесімен білегі ең мықты екендігін дәлелдеген Д. есімді азамат қарсыластарының барлығын жеңіп, бірінші орын алды.

Ал кіші футболдан “Ауылдастар” командасы бірінші орын алса, “Нұрдаулет”, “Гигант” командалары екінші, үшінші орынды өзара бөлісті. Жарыс соңында жеңген командалар мен жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру