Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер мектептерді жаңа оқу жылына дайындауға кірісті

Елордалық полицейлер мектептерді жаңа оқу жылына дайындауға кірісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алдағы оқу жылын ескере отырып, білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау мақсатында Астана қаласы полиция департаментінің аумағында департамент бастығының бірінші орынбасары Дәурен Қазбековтың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен қоғамның пікірталас алаңы құрылды.

Кездесуге жергілікті атқарушы органның өкілдері, оның ішінде білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов, Астана қаласы бойынша ТЖД басқарма бастығы Еркін Отарғалымұлы, сондай-ақ күзет ұйымдары қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен лицензияның бірінші кіші түрі бар жеке күзет ұйымдарының басшылары қатысты.

Отырыс барысында жалпы білім беру ұйымдарындағы кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты өзекті тақырыптар талқыланып, сондай-ақ проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары қозғалды. Терроризмге қарсы қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, мүдделі қызмет арасындағы жедел байланысты қамтамасыз ету – осы шаралардың барлығы мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың қатысуымен орын алатын түрлі оқиғалардың алдын алуы үшін қажет.

– Біз әрбір кәмелетке толмаған балаға оның өміріне және денсаулығына дағдарыстық жағдай туындаған кезде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін ортақ күшпен жеткізуіміз керек, – деп бөлісті Дәурен Қазбеков.

Департаменттің жедел басқару орталығына 6 200-ден астам бейнекамера шығарылды, оның ішінде 119 мектепте – 3 600-ден астам, 13 колледжде – 350-ге жуық және 96 балабақшада – 2 300-ге жуық, сондай-ақ 215 дабыл түймелері орнатылды.

– Күн сайын полиция қызметкерлері қандай да бір құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу үшін білім беру объектілерінде орнатылған бейнебақылау камераларына мониторинг жүргізеді. Бұл жұмыс елордалық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Айта кететін жайт, білім беру объектілеріміз, оның ішінде жеке мекемелер де алдағы оқу жылына балаларды барынша сенімді деңгейде дайындықпен қабылдай алатындығына тәртіп сақшылары қазірден алаңдап отыр, – деп толықтырды Дәурен Қазбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру